"Сөзіне жауап береді". Альварестің бапкері Головкинге сес көрсетті

©Sports Illustrated

Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) бапкері Эдди Рейносо алдағы айқаста Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) сөздеріне жауап беру керек болады деп сес көрсетті.

"Биікке жетсең сені бәрі сынай бастайды. Бұл жетістікпен бірге келеді. Мұндайлар көп. Оларда батылдық жоқ. Бетпе-бет келгенде олар онлайнда айтқандарынан басқа сөз іздей бастайды. 

Головкин БАҚ-та мен және "Канело" жайлы сандырақтайтын, ал алдымызға келгенде ондай айтпайды. GGG рингте сөзіне жауап береді. Альварес қазір алдыңғы екі айқастағыдан тәжрибелі. Ол өскен және мықты боксшы. Сауль неше есе мықты қарсыластармен жұдырықтасты, енді біз соны паш етеміз", - деп береді бапкердің сөзін fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport