"Шынымен оғаштау дүние болды". Украиналық Головкиннен жеңілгеніне сенбейді

© boxingscene.com
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко орта салмақта IBF және IBO титулдары үшін айқаста қазақстандық Геннадий Головкиннан жеңіліп қалғаны туралы пікір білдірді. Деревянченконың айтуынша, ол осы кездесуде жеңіске лайықты болған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен осы жекпе-жекте жеңгенімді сеземін. Оы бүкіл Madison Square Garden көрді. Кеше бір оғаштау дүние болды өзі. Мені қолдап жүргендерге алғысым шексіз", - деп жазды Деревянченко Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, төрешілер бірауыздан жеңісті Головкинге берген (114-113, 115-112, 115-112).

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы украиналыққа реванш беруге дайын екенін айтты.