Шымбергеновтің Ханчжоудағы жекпе-жегі сенсациямен бітті

©Сан Минь Ли

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарында жартылай финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

71 келі салмақтағы 1/2 финалда ол жапониялық Севон Окадзавамен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойында жапониялық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен (2:3) жеңіске жетті. 

Осылайша, финалға өткен Окадзава Қытай Тайбэйінің боксшысы Кан Чиа Вэймен алтынды сарапқа салады. Ал Асыланбек қола жүлдегер атанды. 

Севон Окадзава 2021 жылғы ӘЧ жеңімпазы және 2019 жылғы АЧ-нің күміс жүлдегері. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар