Шымбергеновпен даулы жекпе-жектен кейін Севон Азиада алтынын айқассыз алды

©International Boxing Association

Жапониялық боксшы Севон Окадзава Ханчжоудағы Азиаданың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

71 келі салмақтағы финалда Окадзава тайвандық Чиа Вей Канмен жұдырықтасу керек болған. Алайда қарсылас рингке шықпады да, Окадзава жеңімпаз деп танылды. 

Еске салайық, 1/2 финалда жапониялық боксшы Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергеновпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткені сенсация болған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport