"Шыдамайтынын білді...". Ресейлік нокаутшы Головкиннің "Канеломен" айқастағы тактикасы жайлы

22 қыркүйек 2022 11:21
©Тұрар Қазанғапов

Ресейлік белгілі боксшы Дмитрий Кудряшов (25-5, 24 КО) Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (58-2-2, 37 КО) айқаста мексикалықтың темпіне соңына дейін шыдай алмаймын деген оймен жекпе-жекті баяу бастағанын айтты. 

18 қыркүйек Лас-Вегаста өткен айқаста төрешілер шешімімен "Канело" жеңіп, суперорта салмақта IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулерін қорғап қалды.

"Бұл екі жұлдыздың айқасы. Қызық болады деп күткенімізбен, жекпе-жекке дейінгі мәлімдемелер орындалмады. Екі боксшы да бір-бірін нокаутқа түсіруге тырысқан жоқ. Бұл үлкен бокс, мұнда әр қателік жеңіліске ұшыратуы мүмкін. 

Бокста жақсы мәтел бар: "Әркім қарсыласы мүмкіндік бергенінше жұдырықтасады".  Гена - супербоксшы, сондықтан оған ақыл айтатын әлемде бірнеше адам ғана бар шығар. Кездесудің екінші жартысында темпті көтеріп жіберетін жоспары болды деген сенімдемін. Бірақ бірінші раундтан бастаса, толық жекпе-жек ол темпке шыдай алмайтынын білді. Сондықтан ол тек екінші жартысында сенімді жұдырықтаса бастады", - деп береді Кудряшовтың сөзін Fightnews.info порталы Meta MMA YouTube арнасына сілтеме жасап. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport