"Шүйдеден соққы болмады". Сарапшылар қазақстандық нокаутшы америкалық "Танкті" ринг сыртына құлатқаны жайлы

Сурет: The Sporto

Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) Гамбургте өткен бокс кешінде америкалық Джои Давейконы (21-9-4, 12 КО) нокаутқа түсіріп, WBA International титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек басталысымен "Танк" лақап атты Джои қазақстандық боксшы шүйдеден ұрып жатыр деп шағымданды. Алайда BoxingSquared басылымы ондай болмағанын жазады. 

"Бұл Кособуцкий сол қолымен ұрып, Дайвеконы құлатқан кезі. Шүйдеден ешқандай соққы болмағаны анық көрініп тұр. Денеден жақсы соққылар өз нәтижесін берді, сол жақ бүйірден ұрып еді, Дайвеко өзі қисайып, бұрылып қалды", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport