Шүменовті босатқан полицейлерге қандай жаза қолданылғаны белгілі болды

©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі өкілдері танымал боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысты полицейлер жұмыстан шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Есіл ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы атқаратын қызметінен босатылды. "Есіл" ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің жедел кезекшісі және аға учаскелік полиция инспекторы (УПП жұмысын ұйымдастыруға жауапты) қызметтік сәйкестігі толық болмағаны туралы ескертілді.

Есіл ауданы ҚП бастығының орынбасары атқаратын қызметінен босатылды, аудандық басқарма бастығына сөгіс жарияланды", - дейді ІІМ өкілдері Tengri Sport басылымына берген түсініктемесінде.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді. Кейін ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады.

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов – танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы. Мансабын 2007 жылы бастаған. 19 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жеткен. 2 кездесуінде қарсыласына есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты карьерасын аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport