"Шоу жалғасады". Головкин соңғы кездесуінен кейін тағы мәлімдеме жасады

©DAZN

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жапониялық Риото Муратаны (16-3, 13 КО) жеңгеннен кейін жанкүйерлерге қарата тағы бір мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу кеше Сайтама (Токио, Жапония) қаласында өтіп, Головкин тоғызыншы раундта қарсыласын нокаутқа жіберді

"Өткен түн жайлы. Жапония халқына алғыс айтқым келеді. Есте қалар керемет бокс кеші үшін және қонақжайлылық үшін. Аренадағы барлық жанкүйерлерге және трансляцияны тамашалаған көрермендерге рақмет. Шоу жалғасады", - деп жазды Головкин Twitter парақшасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport