Шешуші жекпе-жектер! Қазақ боксшылардың әлем чемпионатындағы алтын үшін айқастарына тікелей көрсетілім

©olympic.kz

Бүгін, 6 қараша Белградтағы әлем чемпионатында кезекті финалдық айқастар өтеді. Қазақстан атынан рингке екі боксшы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келіде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов америкалық Роско Хиллмен, ал 57 келідегі Серік Теміржанов АҚШ елінің өзге өкілі Джамал Харвимен жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жектер 23:00-де басталатын кешкі сессияда өтеді. Qazsport оны тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

23:00. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Роско Хилл (АҚШ)

23:15. Серік Теміржанов (Қазақстан) - Джамал Харви (АҚШ).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport