Шешуші айқастар! Қазақ боксшылардың әлем чемпионаты финалындағы жекпе-жектеріне тікелей көрсетілім

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Бүгін, 5 қарашада Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында екі қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан турнир алтыны үшін таласады.

48 келідегі Жүсіповтің қарсыласы тайландтық Вуттичай Юрачай.

Ал 54 келіде Махмұд жапониялық Томоэ Цубоймен жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жектер 23:00-де басталатын кешкі сессияда өтеді. Qazsport оны тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Еске салайық, финалға тағы екі қазақстандық боксшы өткен - Сәкен Бибосынов (51 келі) және Серік Теміржанов (57 келі). Олар рингке сенбі, 6 қарашада шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport