"Шектен шыққанда". Промоутер "Канелоның" шамасы келмейтін боксшыны атады

©AP

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 KO) карьерасына күрт әсер ететін жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

Мексикалық боксшы промоутерге ауыр дививзионда IBF, WBO және WBA чемпионы Александр Усикпен (19-0, 13 КО) жекпе-жек ұйымдастыруды сұрапты. 

"Жеңіске деген құлшыныс туралы айтсақ, Сауль суперауыр салмақта Усикті жеңе алатынына кәміл сенеді. Ол маған: "Егер сен осы айқасты ауыр салмақ лимитінен жарты келіге жоғары дивизионда ұйымдастыра алсаң, мен оны жеңемін" дейді. 

Оған сенемін, бірақ, "Канело" немесе Ломаченко сияқты жігіттер жеңілетін жалғыз жол - болу керек салмақтан жоғарлай беру. Альварес осылай жеңілетін шығар, челлендж шектен шыққанда", - дейді Хирн JOE подкастында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport