Шалып құлатпақ болды. Қазақ боксшы АЧ-де үш раунд айқасты

©ASBC

Қазақстандық Санжар Тәшкенбай Йордания астанасында өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің ширек финалында айқасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

48 келде өнер көрсететін Санжардың қарсыласы қырғызстандық Мирлан Туркбай Уулу болды. Үш раунд қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай 5.0 есебімен таза жеңді. 

Айта кетейік, екінші раундта қырғыз боксшысы Санжарды шалып құлатпақ болды, алайда, қазақ боксшы күресте де мықтылау болып шықты. Санжар қарсыласының аяғынан атап өтіп, үстіне шықты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар