Сенсация жасаған боксшы. Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі

©Top Rank

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) британиялық Лиам Смитті орта салмақ рейтингінде бірінші нөмірге қоятынын әлеуметтік желі арқылы хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

Мұндай шешім Смит WBO чемпионына міндетті қарсылас болатынын білдіреді. Орта дивизиондағы бұл титул Жәнібек Әлімханұлында. 

Қаңтар айында Смит отандасы Крис Юбенкті нокаутқа түсіріп, сенсация жасаған. Юбенк келісімшартта көрсетілгендей қарымтаны талап ете бастады, бұл өз кезегінде Жәнібек пен Лиам жекпе-жегіне бөгет болып тұр. 

Сенсация жасаған экс чемпион Головкинді айқасқа шақырды

Айта кетейік, Лиам Смит 2015-2016 жылдары бірінші орта салмақта WBO чемпионы болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport