"Сайтан алғыр!". Әлімханұлынан жеңілген Бентли мәлімдеме жасады

©instagram.com/2sharp_d/

Британиялық боксшы Дензел Бентли титулды айқаста Жәнібек Әлімханұлынан жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz

Құлата алмады. Әлімханұлы 14 нокауты бар қарсыласпен 12 раунд айқасты

"Сайтан алғыр! Не айта аламын?! Мен ол жерге шығып, бар күшімді салып айқастым және жеңіске жақын болдым... Мен чемпион болмақпын, сондықтан бұл мен үшін аса жақсы емес. Спортзалға оралып, мен өзімді күшейтемін және арманымды жүзеге асырамын. Осы кезеңде көрсеткен барлық қолдаулар үшін алғыс айтамын. Отбасым мен командама да қолдау үшін алғыс білдіремін. Мен чемпион боламын!", - деп жазыпты Бентли Instagram желісінде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport