Сарапшы қазақстандық нокаутшының лас әрекетінің себебін атады

1 қыркүйек 2023 10:04
©Depositphotos

World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жан Кособуцкийдің (19-1, 18 КО) нигериялық Эфе Аджагбамен (18-1, 14 KO) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты. 

26 тамыз АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде Кособуцкий қарсыласын белден төмен ұра бергендіктен дисквалификация алып, карьерасында алғаш рет жеңілді. 

"Кособуцкий мүмкіндігін пайдалана алмағаны өте өкінішті. Аджагбамен жекпе-жек оның дивизион элитасына апарар жолдамасы еді. Жан қобалжуын баса алмаған сияқты. Аджагба тыйым салынған соққы жасап, оны төреші көрмей қалуы ықтимал. Алайда мұндай деңгейдегі жекпе-жекте концентрацияны жоғалтуға болмайды. Қазақстандық боксшы жолы болатынына сенімін жоғалтып, қарсыласын өзінше жазаламақ болды. Өте өкінішті жағдай. Ол әлеуеті зор боксшы", - дейді Джей. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар