Сарапшы "Канело" - Головкин айқасы нокаутпен бітеріне сенімді

©boxingscene.com

Әлемнің бұрынғы чемпионы, ал қазірде DAZN платформасында бокс сарапшысы әрі комментатор Серхио Мора қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) арасында үшінші жекпе-жек өткізу қажеттілігіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ең ұлы трилогияға көз жүгіртіңіз, Али мен Фрейзер, оның қажеттілігі болмады, ол нокаутпен бітті. Фьюри мен Уайлдердің айқасы, ол да қажет емес еді, бірақ, жыл жекпе-жегі болды. 

Бұл Головкин мен "Канело" трилогиясына да қатысты. GGG-дің жасы қырыққа таяды, алдыңғы екі кездесуде екеуі теңдей жұдырықтасты десе болады. Алайда адамдардың есте сақтауы тым қысқа. Жастар келеді де, Чарло, Бетербиев және басқаларына қарайды. Олар жас жігіттерді көргісі келеді, ал мен Головкинмен жекпе-жекті тамашалағым келеді, өйткені бітпеген іс бар.

Мен бұл жекпе-жек немен бітерін білемін және мұны көптеген адам біледі деп ойлаймын, дегенмен, маған бұл нокаутты көру керек", - деп береді Мораның сөзін DAZN.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport