Сарапшы Әлімханұлы мен 14 нокауты бар қарсыласына шынайы баға берді

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Talk Sport порталының редакторы Майкл Бенсон WBO титулын алғаш қорғайтын Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) айқасына қатысты болжамын айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол жекпе-жек нокаутпен бітетінін паймдады. 

Боксшылар 12 қараша Лас-Вегастағы Palms Casino Resort кешенінде жұдырықтасады. 

"Бірінші қорғау үшін жаман қарсылас емес. Бентли - мықты боксшы, ол жекпе-жектің жоғары деңгейі мен жылдамдығын сақтай алады. Бұл Әлімханұлының кейінгі айқасына қарағанда ілгерлеу. Дегенмен боксшылар арасындағы айырмашылық үлкен. Қазақстандықтың жеңу ықтималы жоғары. Мәселе тек мықты жақтарын дұрыс пайдалануда. Бұл айқас нокаутпен бітеді деп ойлаймын", - дейді Бенсон. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport