Сарапшы 17 нокауты бар мексикалықтың қазақстандық боксшымен айқасы немен бітетінін айтты

9 желтоқсан 2021 14:18
©Әлеуметтік желіден

Али Ахмедовтың (17-1, 13 КО) келесі жекпе-жегі екінші орта салмақ элитасына оралудағы маңызды қадам. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Delcotimes.com редакторы Джек МакКаферри осындай пікір білдірді. 

Ертең, 10 желтоқсан Монтебелло қаласындағы Hollywood Fight Nights бокс кешінде Ахмедов мексикалық Пол Валенсуэламен (26-10, 17 КО) жұдырықтасады.

"Али Ахмедов осы салмақтағы ең тартымды боксшылардың бірі. Чемпиондыққа тек тәжірибе жетіспеушілігі мен жолының болмауы бөгет болып келеді деп ойлаймын. Физикалық бабы мен техникасы тамаша. Бастысы психикалық тұрғыда дайын болу керек. Жарты жылда екінші айқас өткізетіні қуантады. Бұл жақсы темп. Ол әлі жас және бұл салмақта дүркірей алады. 

Бұл қасрыласы - аса бір қиындық тудырмайды. Ахмедов нокаутпен жеңеді деп ойлаймын. Алайда оған биікке апарар әрбір қадам маңызды екенін ұмытпау керек", - дейді МакКаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport