Ринг сыртына құлатты. Америкалық боксшы титулды айқаста нокаутпен жеңді

©DAZN

Америкалық былғары қолғап шебері Джон Рамирес (10-0, 8 KO) мексикалық Хан Сальватьерраны нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақта NABA тұжырымы бойынша Солтүстік Американың уақытша чемпионы атағын иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек Онтариодағы (Калифорния, АҚШ) Toyota Arena спорт кешенінде өтті. Нәтижесінде алғашқы раундтарда белсенді болған Джон Рамирес қарсыласын ауыр соққының астына алып, рингтен шығарып жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport