Промоутер "Канело" үшін алаңдаулы екенін мәлімдеді

©si.com

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн титулды айқаста Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) жұдырықтасатын Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) үшін алаңдаулы екенін айтады, деп хабарлайды fightnews.info.

Ресейлік пен мексикалықтың жекпе-жегі 7 мамыр Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған. 

"Муратамен айқасатын Головкинге қарағанда, Биволмен бетпе-бет келетін "Канелоға" көбірек алаңдаулымын. Альварес мықты, бірақ, бұл өте ауыр кездесу. Өйткені ол жартылай ауыр салмаққа көтеріледі, ал бұл ол үшін ұтымды емес. 

Оның үстіне Сауль жеңіліс көрмеген жас және бабындағы боксшымен шығады. Ол денсаулығын тойлап құртқан Ковалев емес. Нақ быбындағы жігіт. Сондықтан Биволмен айқасқа қатысты алаңдаулымын, бұл шынымен өте ауыр жекпе-жек деп есептеймін", - дейді Эдди Хирн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport