Промоутер Жәнібекке 24 нокауты бар атақты боксшымен айқас ұйымдастырмақ

20 желтоқсан 12:44
©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Тодд ДюБеф орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен британиялық Крис Юбенк (33-3, 24 КО) арасында жекпе-жек ұйымдастырып беруге дайын, деп жазады Vesti.kz.

Бұған дейін Юбенк Жәнібекпен жекпе-жекке келіскенін, алайда Wasserman Boxing британиялықты орта дивизионда IBO титулы бар италиялық Отинозо Олихамен (19-0, 8 КО) жұдырықтасуға мәжбүрлеп отыр екен. 

"Алға, кеттік. Біз толықтай дайынбыз. Өткен аптада көп сөз болды. Жәнібек дайын, ол кіммен болса да айқасуға бар. Ол орта салмақта ең мықты боксшы деп ойлаймыз. Юбенк жекпе-жекке қызығушылығы барын айтты, біз де онымен жекпе-жекке ынталымыз. Бұл тамаша айқас болады. Бұл біздің спортымыз бен орта салмақ үшін қажетті жекпе-жек", - деп береді ДюБефтің сөзін Sky Sports.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport