Поветкин "Канело" мен Бивол арасындағы кездесуге болжам жасады

© Reuters

Ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Александр Поветкин алда болатын Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) мен екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы кездесуге болжам жасады, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Мен, әрине, Биволға жанкүйер боламын. Меніңше, оның ұтуға мүмкіндігі бар. Ол ұпаймен де ұта алады, нокаут та жасай алады. Ол - жақсы жігіт. Оның асықпастан, өзіне сенімді түрде жұдырықтасатыны ұнайды. Мысалы мен соққы өткізсем, ары қарай ашуланып, сабырым кетеді. Ол ондай емес. Бивол осы тұрғыдан келгенде дұрыс істейді деп ойлаймын" - дейді Поветкин. 

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында, жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуіне ие Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) суперорта дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) айқасқа шығады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport