"Өзгелерді сақтандырып қойды". Америкалық портал Қоңқабаевты ауыр дивизиондағы жаңа жұлдыз деп атады

Сурет: ҚБФ
Америкалық белгілі Boxingscene.com порталы бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіпқойдағы жеңісіне баға берді. 

Алматыда өткен бокс кешінде Қоңқабаев отандасы Иса Ақбербаевпен (20-1, 15 КО) кездесу өткізді. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелгенімен, екіншісінде аяқталды - Қамшыбек екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

"Қамшыбек Қоңқабаев қауіпті Иса Ақбербаевты екінші раундта нокаутпен жеңіп, өзін дәлелдеді. Қоңқабаев өзіне өте қиын міндет алды, бірақ, басынан аяғына дейін өз дегенін жүргізіп, өзіне неге сонша сенетінін көрсетті. 

Екінші раундтағы денеден жасалған ауыр соққы, Ақбербаевты тоқтатуға жеткілікті болды. Қоңқабаев бұл жеңісімен өзін паш етіп, жаңа жұлдыз пайда болғанын көрсетті. Осылайша, ауыр дивизиондағыларды сақтандырып қойды", - делінген хабарламада. 
Жаңалықтар