Өзбектермен текетірес! Үш қазақ боксшының жүлде үшін айқасына трансляция

©ҚБФ

Бүгін, 24 ақпан кіші әлем чемпионаты атанып кеткен бокстан Странджа кубогі атты халықаралық турнирде кезекті жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кешкі сессияда өтетін 1/4 финал жекпе-жектеріне үш қазақстандық боксшы шығады. Сессияның басталуы 22:00. 

Бір қызығы қазақ боксшылардың барлығының қарсыласы өзбек боксшылары болады. Осылайша, 57 келідегі Оразбек Асылқұлов бесінші жұпта Абдумалик Халоковпен жұдырықтасады. В рингі. 

Осы В рингінде тоғызыншы жұпта 75 келідегі Нұрқанат Райыс пен Алохон Абдуллаев арасында жекпе-жекті тамашалай аласыз. 

Ал 80 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов 12-жұпта Жасурбек Юлдошевпен айқасқа түседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport