Өзбекстанмен бірінші текетірес. Кіші ӘЧ-дегі төрт қазақ боксшының айқасына трансляция

©Дамир Майлыбаев

Бүгін, 22 ақпанда Странджа кубогі атты халықаралық турнирде ринг төріне төрт қазақстандық боксшы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында бірінші айқас өтеді - Ертуған Зейнуллиновтің қарсыласы Мужибилло Турсунов болады. 

Сонымен қоса, бүгін Ерасыл Танкай (60 келі), Нұрқанат Райыс (75) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92) та рингке шығады. Ерасылдың қарсыласы филиппиндік Пол Джулайфер Баскон, Нұрқанат аустарлиялық Доминик Молинаромен қолғап түйістіреді, ал Қамшыбек Нидерланды елінің боксшысы Стэн Бертенспен бетпе-бет келеді.

Төрт боксшы да 17:00-де басталатын күндізгі сесияда жұдырықтасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport