Өзбекстан мен Кубадан асып тұр. Қазақстанның қанша боксшысы әлем чемпионатында жүлде жеңіп алғаны белгілі

Сурет: ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасы Польшадағы жастар арасындағы әлем чемпионатында қоржынына бес жүлде салады. Осылайша, командалық есепте Ресейден ғана қалып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресей құрамасы үш салмақта ғана жүлде ала алмады, ал Қазақстанның бес боксшысы жарыстан шығып қалды. 

2021 жылғы жастар чемпионатында боксшылары жүлдеге іліккен командалар:

жеті боксшы - Ресей;

бес боксшы - Қазақстан;

төрт боксшыдан - Үндістан, Украина және Өзбекстан;

үш боксшы - Куба;

екі боксшы - Болгария;

бір боксшыдан - Моңғолия, Италия, Колумбия, Қыргызстан, Бразилия, Венгрия, Армения, Польша, Әзірбайжан, Черногория және Жапония.

Қазақстан командасынан жартылай финалға бірінші шыққан Санжар Тәшкенбай (49 келі) болды, ол өзбекстандық Иброхим Ушжоновты төрешілердің шешімімен жеңді.

Одан кейін 56 келідегі Ерболат Сабыр ұпайдан айырылғанымен, мінез танытып жеңіске жетті. Оның келесі қарсыласы Еуропа чемпионы ресейлік Алексей Шендрик.

Үшінші жүлде Сабыржан Аққалықовта (64 келі). Ол кубалық Дариан Фавиер Кастроны төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.

Суперорта салмақтағы Диас Молжігітов (75 келі) литвалық Александр Трофимчуктан басым болды. Оның келесі қарсыласы - Еуропаның вице-чемпионы Михаил Усов (Ресей).

Ал Елнұр Сүйінбай (60 келі) жартылай финалда колумбиялық Джон Элин Оробио Синиестрамен жұдырықтасады. Тағы төрт жүлде Қазақстанның қыздар командасында.

 Жарыстың жартылай финалдық кездесулері 20 сәуірде, ал 22-23 сәуірде турнир чемпиондары анықталады.