Өзбекстан және Ресеймен текетірес. Қазақ боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі

©Видеодан кадр

Болгария астанасында өтіп жатқан "Странджа кубогінің" жартылай финалына қазақстандық тоғыз боксшы өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Төрт қазақ боксшының қарсыласы өзбекстандықтар болады, ал өзге төртеуінде ресейліктер. Тоғызыншы жартылай финал да оңайға түспейді, өйткені қарсылас шаршы алаң иесі болгариялық боксшы. 

Ал өткен күннің басты айқасы 67 келіде өтті. Онда қазақстандық Дулат Бекбауов өзбекстандық Джахонгир Рахмоновтан жеңісті жұлып алды десе болады. 

Сағындық Тоғамбай (86) да камбэк жасады. Ресейлік Шарапутдин Атаевпен жекпе-жекте төрешілер бірінші раундты ресейлікке берді, алайда, ары қарай қазақ боксшы басымдығын көрсетті. 

"Странджа кубгінің" жартылай финал жұптары:

48 келі

Мирлан Туркбай Уулу (Қырғызстан) - Андрей Тишковец (Украина)

Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) - Эдмонд Худоян (Ресей)

51 келі

Володя Мнацаканян (Ресей) - Дамир Әбдіқадыр (Қазақстан) 

Тимур Қабдешов (Қазақстан) - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)

54 келі

Ясен Радев (Болгария) - Тамир Галанов (Сербия)

Даниэл Асенов (Болгария) - Махмұд Сабырхан (Қазақстан)

 

57 келі

Овик Оганнисян (Ресей) - Хавьер Диас (Болгария)

Всеволод Шумков (Ресей) - Абдумалик Халоков (Өзбекстан)

60 келі

Радослав Розенов (Болгария) - Джанлуко Руссо (Италия)

Мурат Йылдырым (Германия) - Артур Субханкулов (Ресей)

63,5 келі

Ярослав Харциз (Украина) - Абделнасер Бенлариби (Алжир)

Муджибилло Турсунов (Өзбекстан) - Абзал Серік (Қазақстан)

 

67 келі

Николай Тертерян (Дания) - Джанлуинджи Маланья (Италия)

Алиса Шафиров (Ресей) - Дулат Бекбауов (Қазақстан)

71 келі

Иван Ступин (Ресей) - Тони Яас (Нидерланды)

Сыргак Абдыжапар Уулу (Қырғызстан) - Вадим Мусаев (Ресей)

75 келі

Уильям Чолов (Болгария) - Павел Сосулин (Ресей)

Рами Киван (Болгария) - Александр Хижняк (Украина)

80 келі

Кристиан Николов (Болгария) - Силвио Шюрле (Германия)

Альфред Кромвелл Комми (Италия) - Одилжон Аслонов (Өзбекстан)

86 келі

Кристиан Димитров (Болгария) - Сергей Горшков (Украина)

Вадим Щеблыкин (Ресей) - Сағындық Тоғамбай (Қазақстан)

 

92 келі

Радослав Пантелеев (Болгария) - Сохеб Боуафия (Франция)

Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан) - Абзал Кұттыбеков (Қазақстан)

92 келіден аса

Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) - Лазизбек Мулложонов (Өзбекстан)

Нелви Тиафак (Германия) - Йордан Морежон (Болгария)

Айта кетейік, жартылай финал кездесулері 25 ақпан, ал шешуші айқастар - 26-27 ақпанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport