Өзбекстан алға шықты. Қазақстан Олимпиадаға іріктеуде командалық есепте екінші орында

Сурет: Данияр Майлыбаев©
Қазақстан құрамасының боксшылары иорданиялық Амманда өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде екі алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан қоржынына алтын медальді 21 жастағы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов пен 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит салды.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрдәулетов финалда аустралиялық Пауло Аокусоны төрешілер шешімімен жеңді.



Ал Левит (91 келіге дейін) финалда Жаңа Зеландия боксшысы Давид Никтен басым түсті.



Закир Сафиуллин (63 келіге дейін) мен Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін ) турнирдің күміс медалін тақты.


Зәкір Сафиуллин. © olympic.kz


Әбілхан Аманқұл. © olympic.kz

Екі "алтын" алған Қазақстан құрамасы жалпы командалық көрсеткіште екінші орын еншіледі. Бірінші орынды Өзбекстан құрамасы алды - олар үш алтын және үш қола медаль жеңді.

Аммандағы турнирде қазақстандық тоғыз боксшы Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды: Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзад Нұрдәулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев және 19 жастағы Надежда Рябец.