Өзбек боксшы америкалық қарсыласын төреші тоқтатқанша сабады

©Ryan Hafey/Premier Boxing Champions

Лас-Вегаста өткен бокс кешінде өзбекстандық Бектемир Меликузиев (13-1, 10 KO) америкалық Алантез Фокспен (28-5-1, 13 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, алайда төртіншісінде аяқталды. Өзбек боксшы қарсыласын арқанға тақап алып, төреші жекпе-жекті тоқтатқанға дейін оны соққының астына алды. 

Айта кетейік, ивенттің басты оқиғасы WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта мексикалық Хильберто Рамирес (44-1, 30 KO) пен америкалық Джо Смит (28-4, 22 KO) арасындағы элиминатор жекпе-жек болды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар