"Отыздағы жігіттердікіндей". Промоутер Головкиннің дайындығын айтты

©championat

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық былғары қолғап шеберінің дайындығы жоғары деңгейде өтуде.

"Қазіргі таңда Головкин оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. GGG сәуір айында 40 жасқа толады. Алайда оның формасы отыздағы жігіттердікіндей. Оның дене бітімі мен физикалық дайындығы жақсы.

Головкин мексикалық кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуы үшін екінші орта салмаққа ауысуға дайын болды. Алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартты. Біз мексикалықты күштеп айқасқа шақыра алмаймыз. Одан бөлек Карл Фроч бар. Ол спортшымен де кездесу үшін Генаға салмақ ауыстыруға болады. Алайда қаржылай жағынан тиімсіз болса, салмақ ауыстырудың қажеті жоқ", - деді Леффлер.

Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы кездесу 2021 жылдың желтоқсан айында өтуі тиіс еді. Алайда күншығыс елінде коронавирус пандемиясын алдын алу мақсатында жергілікті билік спорттық іс-шаралар мен басқа да ірі мерекелерді өткізуге тыйым салды. Қос мықты арасындағы жекпе-жек сәуірдің 9 күні Сайтама қаласында өтеді деп жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport