"Өте мықты боксшы". Маман Батыр Жүкембаевтың әлем чемпионымен жекпе-жекке шығатынына сенімді

Сурет: : eottm.com

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) IBF титулына міндетті қарсылас атану үшін өтетін жекпе-жекте артықшылығы бар. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында TheFightCity.com порталының шолушысы Захари Алапи осындай пікір білдірді. 

"Жүкембаев өте мықты боксшы. Оның мүмкіндіктерін көптеген мамандар жоғары бағалауда. Қазақстандық рингке бір жылдан астам уақыт шықпады, дегенмен, "Ринг" журналының рейтингінде топ-10 тізімде. Басқа үміткерлер де жақсы, бірақ, ондай мықты емес. Батыр жаңа командада, оның жаңа жоспары мен стратегиясы бар. Оның таланты бірден байқалады, ал қазір шырқау шегіне жетіп қалды. Үзіліс - бұл әрине жақсы емес, есесіне оның құлшынысы артты. Бұл пайдалану керек мүмкіндік екенін Батыр жақсы түсінеді. Мен оның жеңетініне сенемін. Чемпионға міндетті қарсылас Батыр болады деп ойлаймын", - дейді Алапи. 

Мұның алдында пуэрториколық Сабриэль Матиаспен (16-1, 16 КО) пен Жүкембаев арасындағы жекпе-жек мамырда өтетінін хабарланған. Бұл айқаста жеңген боксшы IBF рейтингінде екінші болып, Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) - Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО) кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасады. Осылайша, ұйым чемпиондығына міндетті үміткер анықталды.