Олимпиада чемпионы қазақстандық бокстың құлдырауын түсіндірді

©azattyq.org

2004 жылғы Олимпиада чемпионы және Вэл Паркер кубогін иеленген Бахтияр Артаев Қазақстан боксының төмендеп кетуіне қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

- Соңғы уақытта бізде құлдырап жатыр ма, әлде әлемдегі бокс ілгерлеп кетті ме? Біздің жігіттерде неге сенімділік жоқ?

- Бокс бір орында тұрмайды, ол барлық жерде дамып жатыр. Көптеген елдерде ғылыми және медициналық әдістер енгізіліп, соның арқасында үлкен жетістіктерге жетуде. Осы жағынан біз әлемнен қалып барамыз. Жігіттер шаршайды, олардың көңілі түсіп кетеді. Ғылыми әдістер мен оны біздің боксқа енгізу ақсап тұрғандай. Құраманы сынай беру оңай. Бапкерлер еңбектеніп жатыр, сондықтан оларға сенеміз", - дейді Артаев Meta-ratings.kz басылымына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport