Нью-Йорктегі қазақ полицей ирландиялық "Ажалмен" айқасады

©facebook.com/DimashNiyazov

Нью-Йоркте полицей болып істейтін қазақ боксшы Димаш Ниязовтың (14-1-3, 6 КО) кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, Ниязов рингке 17 маусымда оралады, ал қарсылас "Ажал" (Lethal) лақап атты ирландиялық Ларри Фрайерс (12-6-1, 5 КО) болады.

10 раудқа есептелген жекпе-жек АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында өтеді. 

Еске салайық, Ниязов кейінгі рет 2021 жылы ақпанда жұдырықтасып, аргентиналық Джонатан Годойды (6-16) төрешілер шешімімен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport