Нокдаунға түсірді. Қазақтың Сабырханы Ханчжоуда алғашқы қарсыласын оңай жеңді

27 қыркүйек 2023 09:08
©instagram.com/sabyrkhan_makhmud

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/16 финалда оңтүстік кореялық Ичаню Лиді жеңді. Екінші раундта Махмұт қарсласын бір рет нокдаунға түсірді.

Айта кетейік, Махмұт Сабырхан 2023 жылы  Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын иеленген. Сонымен қоса, қазақ боксшы осыған дейінгі әлем және Азия чемпионатының жүлдегері.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport