Нокаутшы Батыр Жүкембаев Америкада әйгілі Энди Руистің бапкерімен жаттығатын болды

Батыр Жүкембаев. Сурет: boxinggu.ru©

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) командасында өзреістер болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

PSSpecial01 мәліметінше, ендігіде жеңілмеген қазақстандықтың менеджері Рик Мириджан болады. Қазіргі таңда ол WBC және WBO чемпионы Хосе Карлос Рамирес пен жас проспект Верджил Ортистің ісін жүргізеді. Сонымен қоса, қазақ нокаутшыны Мэнни Роблес жаттықтыратын болады. Бұрын ол ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Энди Руистің бапкері болған. 

Батыр кейінгі жекпе-жегін 2020  жылы қаңтарда өткізіп, мексикалық Рикарду Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа түсірген. Жүкембаев WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарына ие. Барлық жекпе-жегін Канадада өткізген.