"Нокаутқа түсіремін". Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген чемпионды айқасқа шақырды

Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әлем чемпионы атағы үшін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жолы Жәнібек Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франсиско Валькарсель және Бүкіләлемдік бокс кеңесінің басшысы Маурисио Сулейманнан титулды айқас ұйымдастырып беруін сұрады. Соған қоса, ол промоутер Боб Арумды белгілеген. 

"Чемпиондық жекпе-жек қалаймын. WBO рейтингінде екіншімін. Мунгия - рейтингте бірінші. Ол менімен жұдырықтасуға келіспейтінін білемін. Өйткені нокаутқа түсіретінімді біледі. Андраде? Ол қайда? Маған WBO титулы керек", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттер желісінде.