auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Негізгі мақсат - Олимпиада алтыны". Қоңқабаев кәсіпқойдағы нокаутпен жеңістен кейін

"Негізгі мақсат - Олимпиада алтыны". Қоңқабаев кәсіпқойдағы нокаутпен жеңістен кейін
Камшыбек Қоңқабаев. Сурет: Данияр Майлыбаев
Бокстан Қазақстан құрамасының каптаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқойдағы алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді. Спортшының сөзін Olympic.kz беріп отыр. 

Алматыда өткен бокс кешінде Қоңқабаев отандасы Иса Ақбербаевпен (20-1, 15 КО) кездесу өткізді. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелгенімен, екіншісінде аяқталды - Қамшыбек екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

"Кәсіпқой бокс пен әуесқой бокстың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Кәсіпқой бокс он екі раундқа созылатындықтан жекпе-жекті асықпай бастап, төзімділікке жұмыс істейсің. Ал әуесқойда  үш раунд болғандықтан уақыт аз, жекпе-жекті бірден бастап кетесің. Сондықтан, кәсіпқой бокс пен әуесқой бокстың жекпе-жектерінде де, жаттығулары мен раундтарында да айырмашылықтар болады.

Жекпе-жек барысында жаттықтырушылардың айтқан тактикасы бойынша жұмыс істедім. Бір қолмен қадағалай отыра, екінші қолмен шабуыл жасап отырдым. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда, екінші раундта қарсыласты нокаутпен жеңдім. Кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізуімдегі негізгі мақсат - Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалу, мықты болып бару. Менің қазіргі таңда тек қана бір мақсатым бар. Ол - Олимпиада алтыны. Осыған орай, кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізіп, өзімді жан-жақты шыңдап жатырмын. Кәсіпқой бокстағы жолым сәтті болғанымен Олимпиада алтынына дейін мен әуесқой бокстан кетпеймін", - дейді Қамшыбек Қоңқабаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама