Неге құбылды? Бокстан Қазақстан құрамасының бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

6 қыркүйек 2021 11:57
©Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкері Ғалымбек Кенжебаев Instagram желісінде жариялаған постын өшірмегенін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында маман қызметінен кететіні туралы мәлімдеген болатын. Алайда кейін әлеуметтік желідегі ол жазбасын өшіріп тастапты.

"Ештеңе жазбадым, ештеңе өшірмедім, алда ресми хабар болады. Сау болыңыздар", - деп жауап берді ол Orda.kz басылымына.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар