"Мынауың айуан!". Әлемнің экс чемпионы Тұрсынбайдың бірінші раундтағы нокауты туралы

Сурет: MTKGlobal

Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы британиялық Тони Беллью (30-3-1, 20 КО) қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) бірінші раундтағы нокаутпен жеңісін жоғары бағалады,- деп хабарлайды Vesti.kz

Дубайда өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы венесуэлалық Хебер Рондонды 70 секундта есінен тандырды.

Ұлыбританияда белгілі маман және боксшының бапкері Джейми Мур бұл жекпе-жекке таңданыс білдіріп, твиттерде жазба қалдырған екен. Ал Беллью оның астына жауап жазыпты

"Жақсы бағытта - біздің залдың жаңа мүшесі Тұрсынбай Құлахмет үшін қалай басталды. Енді 3-0, статситикасы 20:0 қарсыласын бірінші раундта сұлатты. Бұл жігіттің болашағы зор", - деп жазыпты Мур, нокауттың видеосын жариялап. 

"Мынауың айуан!" - деп жауап жазыпты Беллью осы пост астына.