"Мықтылар көп, бірақ, басты қарсылас өзбектер". Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов алдағы турнир жайлы

Сурет: boxing2019.com

Бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов алдағы Азия чемпионатындағы қарсыластарға баға берді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында боксшы Олимпиада алдындағы дайындықты да сөз етті. 

"Қазір Нұр-Сұлтанда қорытынды жаттығу жиындарын аяқтап қалдық. Бабымдамын ба? Алдағы жекпе-жектерде көреміз. Дайындық қарқынды жүріп жатыр. Физикалық және психологиялық тұрғыда да өзімізді Олимпиадаға дайындап жатырмыз. 

Азия чемпионаты да маңызды әрине. Ол жарыста мықты қарсыластар көп болады, дегенмен, рингтегі басты бәсекелестер - өзбектер екені белгілі. 

Қазір кестеміз өте тығыз: жиындар, турнирлер, кәсіпқойда айқастар болады. Алайда бапкерлер нақты жоспар қойып берді, соны ұстанамыз. Жалпы айтқанда маңызды жарыстарға дайындалып жатырмыз", - дейді Бекзат. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты Біріккен Араб Әмірлігінде мамырдың 21 мен 31 аралығы өтеді. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа Олимпиадаға лицензия алған кіл мықтыларды апарады. Ал турнир он салмақ дәрежеінде өтпек. 

Жаңалықтар