Мұрнын қанатты. Сабырхан Махмұт АЧ-де моңғолиялық боксшымен айқасты

©Asian Boxing Confederation

Бүгін, 6 қараша Амманда (Йордания) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасынан Сабырхан Махмұт кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

Сабырханның (54 келіде) қарсыласы моңғолиялық боксшы Дорьныамбуу Ганболд болды. Үш раунд қорытындысы бойынша Сабырхан қарсыласын еш мүмкіндік бермей 5:0 есебімен таза жеңді.

Ал соңғы үшінші раундта амалы таусылғаннан моңғолиялық күрескісі келді ме Сабырханмен клинчке төрт рет кірді. Сонымен қоса, қазақ боксшының соққыларынан Ганболдтың мұрнынан қан кетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар