"Мұндай әрекет жазалану керек". Головкин "Канеломен" бірінші жекпе-жек туралы

Сурет: Las Vegas Review-Journal

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) DAZN платформасына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) оның өзге қарсыластарынан мүлде бөлек екенін айтты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлбетте ондағы тәжірибе менің бұрынғы қарсыластарымдікінен әлдеқайда көп. Ал шеберлігі өте жоғары деңгейде. Бәрі шеберлік, күш, жылдамдық, дайындық, жастық - мұның бәрі оны өзгелерден ерек етеді. 

Сонымен бірге, GGG мексикалықпен бірінші жекпе-жегін есіне алды. 

"Төрешілер тең түскенімізді айтқандағы сезім есімде. Төрешілердің бірі ұпай бойынша жеңісті қарсы жаққа бергенде абдырап қалдым... Бұл дегеніміз осы спорт түріне соншалықты әділетсіз, соншалық ессіз болғаны ма, осылай істей салатындай? Меніңше, мұндай әрекет жазалану керек", - дейді Головкин.