Мейвезер тағы да рингке шықпақ

©boxanalitika

Бес салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезердің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. TMZ Sports басылымының мәлімдеуінше Мейвезер Дубайда америкалық Дон Мурмен жұдырықтасады.

Бокс кеші 14 мамырда Burj Al Arab Hotel ғимаратында өтеді. Қос спортшы 8 раундтық айқас өткізеді.

Жекпе-жек кешінде ММА әлемінің жұлдызы бразилиялық Андерсон Силва отандасы Бруно Мачадомен күш сынасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport