Мейвезер Биволдың жеңісіне бәс тігіп қомақты ақша ұтып алды

©twitter.com/FloydMayweather

Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған, бес салмақ бойынша әлем чемпионы болған Флойд Мейвезер Дмитрий Биволдың жеңісіне бәс тігіп, қомақты ақша ұтып алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бокс жұлдызы жартылай ауыр салмақтағы WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесуде белбеуін қорғап, жеңіске жетеді деп бәс тіккен. Мейвезер қателеспей, қомақты қаржыға ие болды. 

Кейін боксшы өзінің әлеуметтік желісінде бәс тіккен чекті көрсетті. Ол Биволдың жеңісіне 10 мың доллар қойып, 42,500 доллар ұтып алды. 

Еске салайық, Лас-Вегаста өткен аталған кездесуде Бивол төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін Альварес бірден реванш сұрады. Ресейлік боксшы екінші кездесуді өткізуге келісім берді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport