"Менің қателігім". Головкин қазақстандықтарға үн қатты

18 қыркүйек 2022 14:00
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сауль Альвареске қарсы жекпе-жектен кейін Головкин Instagram парақшасында видео жариялады. 

"Маған қолдау білдірген барша қазақстандыққа, барша жерлесіме, бокс жанкүйерлеріне, жалпы Қазақстан тұрғындарына үн қатқым келеді. Жекпе-жектерімді көріп жүргендеріңіз үшін, қолдауларыңыз үшін рақмет. Мұндай сәттер бәрімізді біріктіреді. ОСындайда бір бүтінге айналып, барлық қиындықтарды ұмытамыз. Қолдауды сезіндім, сәл ғана жетпей қалды. Менің қатем, мойындаймын. Мықтырақ болып ораламыз, бәрі жақсы болады. Бәріне денсаулық тілеймін. Алға Қазақстан! Біз біріксек - күшпіз", - деді Головкин. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport