"Мен оралдым". Майк Тайсон бес салмақта экс-чемпионмен жекпе-жегі алдында видео жариялады

Сурет: DAZN©

Суперауыр салмақта бұрынғы абсолют чемпион 54 жастағы Майк Тайсон (50-6, 44 КО) отандасы - бес салмақта әлемнің экс-чемпионы 51 жастағы Рой Джонспен (66-9, 47 КО) жекпе-жегіне арналған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс аңыздарының жекпе-жегі өтетіні кеше белгілі болды. Шоу 12 қыркүйек Лос-Анджелеске белгіленіп отыр. Бұл жекпе-жекке арналған он сериалы деректі фильм түсіріледі екен. 

"Мен оралдым", - деп жазыпты Тайсон твиттерде жариялаған промо видеосының астына.

Жаңалықтар