auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Мексикалық стиль ұнайды". Қазақ боксшы өзбек қарсыласын бес рет нокдаунға түсірді

"Мексикалық стиль ұнайды". Қазақ боксшы өзбек қарсыласын бес рет нокдаунға түсірді
©Vesti.kz

MTK Global Kazakhstan менеджерлік компаниясы ұйымдастырған Алматыдағы бокс кешінде Түркістан облысының тумасы Нұрдос Төлебай (9-0, 7 КО) тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл жолы отандасымыздың қарсыласы өзбекстандық Бургут Ходжибоев (8-4, 3 КО) болды. Бірінші раундтан бастап рингте белсенділік танытқан Төлебай жалпы кездесу барысында Ходжибоевты бес рет нокдаунға түсіріп, төртінші раундта жеңіске жетті.

- Нұрдос, жеңіс құтты болсын! Сырттай қарағанда сіз жәй ғана жаттығуда жұдырықтасқандай әсер қалдырдыңыз...

- Кез-келген қарсыластың оңай немесе жеңілі болмайды. Қарсыласқа ешқашан немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл жолы да әдеттегідей тыңғылықты дайындалдым. Біріншіден жеңіске Құдайдың қалауымен жеттім. Одан кейін бапкерлерімнің еңбегі ерен болды. Жаттығуда барымды салып дайындалдым.

- Ходжибоевты бірнеше рет нокдаунға түсірдіңіз. Қай раундта толық жеңіске жететініңізді сездіңіз?

- Ходжибоевтың 2018 жылы ресейлік боксшымен өткізген айқасын қарап шыққам. Сол кезде жағынан екі рет жойқын соққы алып, екі рет нокдаунға түскен. Соған қарамастан толыққанды сегіз раунд жұдырықтасып шықты. Қазір де бірнеше рет құлап жатып, кездесуді жалғастырып отырды. Сол себепті менің тарапымнан менсінбеушілік болмады.

Нұрдос Төлебай мен Бургут Ходжибоев айқасын 45:30 секундтан бастап тамашалай аласыздар.

- Сіздің формаңызда Мексиканың туын көріп тұрмын....

- Ия, осы кездесуге арнайы тіктірдім. Маған негізі бұрыннан Мексика боксының стилі ұнайды. Бокс деген өзі шоу бизнес қой. Шоу көрсеткім келді. Ең бастысы айқын басымдықпен жеңіске жеттім.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама