Майк Тайсон Холифилдтің "тістелген құлағын" сатылымға шығарды

©metropoles.com

Әйгілі Майк Тайсон отандасы Эвандер Холифилдпен болған жекпе-жек арқасында табыс табуды көздеп отыр. Бұл кездесуде Тайсон қарсыласының құлағын тістеп алған еді, деп хабарлайды vRINGe.com.

Дереккөз ақпараты бойынша, боксшы желеден жасалған тәттілерін жарнамалап жатыр. Олар Холифилдтің құлағы пішінінде жасалып, "Тістелген құлақтар" деп аталады. 

Еске салайық, бұл оқиға 1997 жылы маусымда болған. Майк Тайсон Эвандер Холифилдтің құлағынан тістеп, шетін жұлып алған болатын.

Дәрігер Холифилд жекпе-жекті жалғастыра алады деп шешті, ал төреші Майктен екі ұпайын алып тастады. Осыдан кейін Тайсон тағы да ереже бұзды, ал Эвандер төртінші раундқа шықпай қойды. Осыдан кейін төбелес басталып кетті, қарсыласына ұмтылған Тайсонды ұстап қалғаннан кейін, оны айқастан шеттеті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport