"Лос-Анджелес Кингс" хоккейшісі Головкинге титулды жекпе-жекте сәттілік тіледі

30 қыркүйек 2019 15:21
Илья Ковальчуктың Istagram желісінен
Ұлттық хоккей лигасына кіретін "Лос-Анджелес Кингс" командасының ойыншысы Илья Ковальчук қазақстандық Геннадий Головкинге алдағы жекпе-жек алдында қолдау білдірді. 

Боксшылар 5 қазан Нью-Йоркте жұдырықтасады. Бұл кездесуде орта салмақта IBF және IBO белбеулері сарапқа салынады.

Головкин Instagram желісінде жаттығу залынан видео жариялап, оның астына жазба қалдырған еді: "Жұмыс бітті. Жекпе-жек аптасына дайынмын".

"Алға, чемпион", - деп жазыпты Ковальчук боксшының жазбасының астына.



Айта кетейік, Ковальчук пен Головкин ұзақтан бері достық қатынаста. Хоккейші GGG жекпе-жектерін бірнеше рет тамашалаған, боксшы да бірнеше рет ҰХЛ ойындарына барған.