Ломаченконың келесі қарсыласы белгілі болды

©instagram.com/lomachenkovasiliy

Үш салмақ дәрежесі бойынша чемпион, жеңіл салмақтағы бокс жұлдызы украинлық Василий Ломаченко (16-2, 11 КО) қазан соңында рингке қайта оралады.Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджерге сілтеме жасай отырып vRINGe.com сайты хабарлады.  

Украиналық боксшы америкалық Джемейн Ортиспен (16-0-1, 8 КО) кездесу өткізуге келісім беріпті. Бұл боксшы мамыр айында отандасы Джеймел Херрингті (23-4, 11 КО) жеңіп, Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады. 

Жеңіл салмақтағы айқас қазан айында өтеді деп жоспарлануда. Осы кездесуден кейін Ломаченко америкалық Дэвин Хэйни (28-0, 15 КО) мен аустралиялық Джордж Камбосос (20-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесуге ниетті. Бұл айқас 15 қазанда өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар